Шығыста ауыл әкімі жұрттан кешірім сұрады

1236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9eNHeDaZWULHBeXLfg36GqjbWqJYWIQ6zWvs1GPC.webp

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан қоғамдық тыңдау кезінде бейәдеп сөздер айтқаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

8 қазан күні әлеуметтік желілерде әкімнің кешірім сұраған видеосы тарады. Бейнежазбада Қуаныш Төлеухан өзінің туған ауылында қызмет етіп жүргенін айтып, жағдайға байланысты түсініктеме берді.

«Кеше бізде қоғамдық тыңдау өтті. Бірақ белгісіз адамдар келіп, оған кедергі келтірді. Нәтижесінде тыңдау бес сағатқа созылды. Сол сәтте мен эмоцияға беріліп, бейәдеп сөз айтып қойдым. Бұл әрекетім үшін Шілікті ауылдық округінің халқынан кешірім сұраймын», — деді әкім.

Комментарии