Бензин бағасы өскенде. Президент кортежі шабуылға ұшырады

1621
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UXnO6IhszK1Ts31aQsveWSVsqbNkeyFANCYM07C0.webp

Эквадорда наразылық білдірушілер ел президенті Даниэль Нобоаның кортежіне  шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 7 қазан күні Каньяр провинциясында болған. Reuters агенттігінің мәліметінше, наразылық білдірушілер жанармайға берілетін субсидиялардың алынып тасталуына байланысты президенттің кортежіне тас лақтырған. Эквадордың қоршаған орта және энергетика министрі Инес Мансано бұл оқиғаны президентке жасалған қастандық деп атады.

Министрдің айтуынша, колоннаны шамамен 500 адам қоршаған, ал Нобоа отырған көліктен оқ іздері табылған.

Билік бес адамды ұстады. Оларға терроризм және кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша айып тағылмақ.

Айта кетейік, Эквадордағы наразылықтар қыркүйек айының ортасынан бері жалғасып келеді. Оларды дизель отынына берілетін субсидиялардың тоқтатылуы мен бағаның өсуіне қарсы CONAIE байырғы халықтар конфедерациясы ұйымдастырған. Үкімет бұл тәртіпсіздіктерге есірткі картельдерінің қатысы болуы мүмкін десе, наразылық ұйымдастырушылар полиция тарапынан заңсыз ұстаулар мен зорлық-зомбылық бар екенін айтуда.

Комментарии