Қазақстан құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

1517
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lgcsKzl8dK9UhRMDrOXT1Qs1nTWzCmVi1OWGKZvW.webp

Қазақстан ұлттық құрамасына уақытша жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметті Талғат Байсуфинов атқарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Футболда ұлттық құраманың жаңа бапкері болып Талғат Маруаұлы тағайындалды. Алайда маманның бұл қызметі "уақытша" екені аталды. 

«Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарға дайындайды», — делінген Қазақстан Футбол Федерациясының ресми хабарламасында.

Сонымен қатар, ҚФФ қазіргі уақытта ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін анықтау үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Үміткерлер қатарында үш шетелдік маман бар.

Еске сала кетейік, осыған дейін «Реал Мадрид» клубының бас бапкері Хаби Алонсо алматылық «Қайраттың» ойынына жоғары баға беріп, олардың өз алаңындағы сенімді өнері испандықтар үшін елеулі сынақ болуы мүмкін екенін айтқан.

Комментарии