Қазақстанның шығысында жер сілкінді

625
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелді, оны Семей тұрғындары сезді. Мамандар мониторинг жүргізіп, нәтижесін жария етті, деп хабарлайды "Адырна".

Министрлік мәліметінше, Қазақстан "Сейсмологиялык зерттеу институты" сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 27 қыркүйекте Астана уақытымен 22 сағат 51 минут уақытта жер сілкінісі болғанын тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 852 км жерде болған.

Семей қаласында жер сілкінісінің сезілу күші 2 балды құрады.

Жер сілкінісі тіркелгеннен кейін "Қазселденқорғау"ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін мен сел жүру қаупі бар учаскелерді зерттеп, мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымданған ғимараттар табылған жоқ, қазіргі уақытта объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

"Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - дейді ТЖМ өкілдері.

Комментарии