Латынамерикалық Dears қауымы Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы әнді қазақша орындады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.
Әншінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бейнежазба “Latam, Voices of Love” жобасы аясында түсірілген. Аргентина, Мексика, Перу, Чили, Боливия, Уругвай, Доминикан Республикасы және Коста-Рикадан келген жанкүйерлер қазақ тілінде ән орындап, Қазақстан мәдениетіне және Димаштың шығармашылығына құрмет көрсетті.
“Angel Love” әнінің авторы – композитор Ренат Гайсин, ал сөзін жазған – ақын Қалқаман Сарин.
Жобаға қатысушылардың айтуынша, олар қазақ тілінде ән орындау арқылы тек әуенді ғана емес, әннің рухы мен жанын жеткізуді мақсат еткен.
Новости по теме
Аким Акмолинской области Марат Ахметжанов встретился с Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Таджикистан Хайрулло Ибодзодой