Трамптың жақтасы Чарли Кирктің әйелі күйеуін өлтірген адамды кешірді

1083
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XKVJKl1s41YbGvAULwug8efz9scOYNe2dVYjCXix.webp

АҚШ-тағы саяси белсенді әрі Трамптың жақтасы Чарли Кирктің қазасына байланысты Аризона штатындағы State Farm стадионында аза тұту рәсімі өтті. Рәсім барысында саясаткердің жесірі Эрика Кирк күйеуін атқан адамды кешіргенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN арнасына сілтеме жасап.

Ол Інжілден үзінді келтіріп, Иса Мәсіхтің айқыш ағашта айтқан сөздерін еске салды.

Эрика Кирк күйеуінің басты миссиясы жастарды реніш, ашу және өшпенділікке толы мәнсіз өмірден құтқару болғанын атап өтті. «Мен оны кешіремін, өйткені Христос та солай етті. Өшпенділікке жауап – өшпенділік емес», – деді ол.

АҚШ президенті Дональд Трамп, керісінше, Кирктің өлтірушісін «радикалданған, суыққанды құбыжық» деп атады.

Айта кетейік, бұл қылмысқа 22 жастағы Тайлер Робинсон айыпталған болатын. Президент күдіктіні ұстауға оның әкесі көмектескенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ Трамп айыпталушының өлім жазасына кесілетінінен үміттеніп отырғанын айтты  

Қоштасу рәсімінде Трамп америкалық кәсіпкер Илон Маскпен бірге отырып, әңгімелесті.

Еске сала кетсек, Чарли Киркке қастандық 10 қыркүйекте Юта штатындағы университеттердің бірінде сөз сөйлеп тұрған сәтте жасалған. Ол мойнынан жараланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, көз жұмды. Артында әйелі мен екі баласы қалды.

Комментарии