Иманбек тағы да "Грэмми" сыйлығына ұсынылды

660
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nlvZyWqoG0Zkinh6w7MFKrzmRyAhLtW1PyDV2Ick.jpg

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) тағы да «Грэмми» жүлдесіне ұсынылды. Бұл жолы Latin Grammy сыйлығында бақ сынайды, деп хабарлайды "Адырна".

Оның аргентиналық әнші Taichu-мен бірге жазған Ella Quiere Techno композициясы «Best Latin Electronic Music Performance» («Латын электронды музыкасының үздік орындалуы») номинациясына енді.

Бұл санатта Имaнбек пен Taichu-ға Orión [Sistek Remix], Qqqq, Rulay En Dubai және Veneka тректері бәсекелес болады.

Жеңімпаздар 13 қараша күні Лас-Вегаста анықталады. Ал финалдық дауыс беру 1 қазанда басталады.

Еске сала кетейік, Иманбек 2021 жылы америкалық әнші Saint Jhn-ның Roses әніне жасаған ремиксі арқылы «Грэмми» алып, тарихқа енді. Осы жетістігімен Қазақстан мен ТМД-дан шыққан алғашқы жеңімпаз ретінде танылды. 

Комментарии