СҚО-да ер адам дөңгелек жарылысынан қаза тапты

901
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/10/kamaz.jpg

Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласында “КамАЗ” автокөлігінің дөңгелегі жарылып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға 60 жастағы жүргізушінің автокөлігінің дөңгелегіне ауа толтыру кезінде орын алған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жоғары қысымнан дөңгелек жарылып кеткен. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында ашық бас-ми жарақатынан көз жұмған. Жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның өлімін ғана тіркеген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Комментарии