Шетелдік маман келуі мүмкін. Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

1642
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tXkcEQwcdXR24Mk4GRskbBHZAL80pzWzmf0NhHoT.jpg

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиевтің отставкаға кету туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шешім ҚФФ атқару комитетінің жиынында қабылданған, онда басшылық маманның есебіне қанағаттанбаған.

Әлиев отставкаға кету туралы мәлімдемесін Қазақстан құрамасының Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгенінен кейін жасаған еді.

Оның жетекшілігімен ұлттық команда барлығы 6 матч өткізіп, соның бесеуінде ұтылып, тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Әлиев ресейлік Станислав Черчесовтің орнына уақытша келген болатын. Черчесов бапкер болған кезеңде қазақстандықтар 7 матчтың алтауында жеңіліп, бірде-бір гол соға алмаған еді.

Бас бапкер қызметіне шетелдік мамандар қарастырылып жатқаны айтылды. Словак маманы Владимир Вайсс, болгар бапкері Станимир Стойлов және посткеңестік елдерден бір маманның кандидатурасы аталған.

Әли Әлиев – алматылық футбол мектебінің түлегі. Ол футболшы ретінде қазақстандық және түрік клубтарында, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен.

Комментарии