14 қыркүйек күні Испания астанасы Мадридте палестиналық тулармен шыққан демонстранттар La Vuelta көпкүндік веложарысының соңғы кезеңін тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.
Белсенділер Гран-Виа көшесіндегі қоршауды бұзып, жарыс жолына шыққан. Полиция оларды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды. Ұйымдастырушылар жағдай шиеленісе түспес үшін спортшылар келмей тұрып-ақ жарыстың соңғы кезеңін тоқтатуға мәжбүр болды.
Демонстранттар бұл хабарды қуанышпен қабылдап, «Бұл Вуэльтада Палестина жеңді» деп ұрандатты. Сонымен қатар «Израильге бойкот», «Бұл соғыс емес, бұл геноцид», «Кінәсіз балалардың өліміне жол жоқ» деген талаптар айтты.
Наразылық акциялары Израильдің Israel-Premier Tech командасының жарысқа қатысуына қарсы бағытталған.
Оцифровать обмен иностранными бланками разрешений договорились министры транспорта Центральной Азии и Китая
Маулен Ашимбаев: «Инклюзивные виды спорта дают возможность особенным детям развиваться физически и социализироваться»