Аңшылықтың ақыры. Аң орнына адамды атып өлтірді

1736
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7vSPhHuPdtZ96jB3OKJk5M50R5L5rXhlAzVetKKh.jpg

Фото: altaynews.kz

Ресейдің Абакан қаласынан шыққан аңшылар тобы аң аулауға барған кезде қайғылы жағдай орын алды. Бір аңшының қателікпен жасаған оғы адам өліміне себеп болды. Ақпаратты Ресей Тергеу комитетінің Краснояр өлкесі мен Хакасия Республикасындағы Бас тергеу басқармасы таратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Liter.kz сайтына сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, кешкі уақытта аңшылар екі топқа бөлініп, әртүрлі соқпақтармен кеткен. Ымырт түскен шақта олардың бірі қалың шөп арасындағы қозғалысты байқап, оны жабайы аң деп ойлап, оқ атқан. Салдарынан 48 жастағы топ жетекшісі қаза тапты.

Марқұмның жолдастары алғашқы көмек көрсетіп, құтқарушыларды шақырғанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған факті бойынша «Абайсызда адам өліміне себеп болу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Комментарии