Фото: Facebook/ полиция Словакии
Словакияның батыс бөлігінде, Нове-Замки қаласына жақын жерде жеңіл спорттық ұшақ құлады. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, олардың бірі – әскери қызметкер. Бұл туралы Noviny.sk басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, ұшақ Каменны-Мост ауылына жақын жерде апатқа ұшыраған.
Ұшақ кабинасында 41 жастағы ұшқыш болған. Ол көрші ауылдың ерікті өрт сөндірушісі және кәсіби әскери қызметкер. Оның жанында 32 жастағы ер адам отырған. Құтқарушылар жедел жеткенімен, оқиға орнына келген дәрігер екі адамның да қайтыс болғанын анықтады.
Полиция мәліметінше, апат орнына әуе және су көліктеріндегі оқиғаларды зерттейтін ұлттық басқарманың сарапшылары жіберілді.
«Апаттың нақты себептері мен мән-жайлары анықталуы тиіс», – делінген хабарламада.
В рамках патриотического социального проекта «Желтоқсан жаңғырығы» в декабре 1986 года состоялся конкурс патриотической песни
Мобилизованные россияне: — Не кормят, не одевают, не предоставляют крыши над головой. Отношение командиров скотское