Алматыда “Жерұйық” фильмі көрсетілді

1946
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1Wu9vKF4duSXNHZiNcILrfIRerUHXWCDQ3zgr0PR.jpg

Қазақ киносының күніне орай, Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрында отандық кинематографияның көрнекті өкілі, режиссер, сценарист, продюсер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» көркем фильмінің көрсетілімі өтті.

Фильмде жұт жылдары ата жұртынан ажырап, қазақ қара топырағын қоныс қылуға мәжбүр айдаудағы кәріс, неміс, түркімен, шешен, күрт халықтарының тағдыр-тауқыметі көрсетіледі. Қиын-қыстау шақта босып келгендерге көмек қолын созған жүрегі кең қазақтар ерекше көңіл толқытады. Сондай ақ көңіл, жомарт, қонақжай, аңғал қазақ кейіпіндегі Орынбай бейнесіменен бедерлі беріледі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен «Жерұйық» фильмінің көрсетіліміне «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұжымы, оның бас редакторы Бекболат Шекеров, кинорежиссер Сатыбалды Текеев, Сламбек Тәуекелдің қызы Жайна Сламбекқызы және кинотуындының сценарисі Лаврентий Сон қатысты.

Жайна Сламбекқызы осынау шарада режиссер Сламбек Тәуекелге қатысты өз естелігімен былайша бөліскен еді: «Әкеміздің «Жерұйық» дейтін фильмінің көрсетілуі біз үшін бір ғанибет. Әкеміздің есімі бәрінің жүрегінде сақталады деген ойдамын. …Өз шәкірттеріне білім беремін деп өнер университетінде сабақ берді. Сол студенттері де талай белес бағындырды».

Комментарии