АҚШ-та тікұшақ апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар жоқ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 6 қыркүйек күні түстен кейін Миннесота штатының Лейквилл қаласының жанындағы Эйрлейк әуежайының маңында болған.
«Тікұшақ жергілікті уақытпен шамамен 14:45-те құлап, бірден өртеніп кетті. Әуе көлігі үйлер мен кәсіпорындар жоқ, адам тұрмайтын аумаққа түскен. Әзірге бортта қанша адам болғаны белгісіз. Белгілісі, Robinson R66 тікұшағы бір ұшқыш пен төрт жолаушыға дейін тасымалдауға арналған», – делінген.
Оқиға орнына құтқарушылар мен АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесінің өкілдері барған.
Сарапшылардың айтуынша, өрт жерге соғылғаннан кейін тұтанған. Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.