ҰҚК қызметкерлерінің ұсталғанын растамады

1669
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XNhPdqisYCiHUl56FezIuyCCo0xRl2uwgY5U3HhP.webp

ҰҚК сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің және бірнеше жоғары лауазымды қызметкердің ұсталғаны туралы ақпаратқа қысқа хабарлама арқылы жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«“Орда” ақпараттық сайтында ҰҚК-нің бірнеше жоғары лауазымды қызметкері ұсталғаны туралы мәлімет жарияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін хабарлайды», – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарған еді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл деректі «журналистік этика мен қолданыстағы заңнаманы бұзу» деп бағалаған.

Сондай-ақ, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қоғамды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырып, кәсіби БАҚ пен журналистерді жауапкершілікті сақтауға үндеді.

Комментарии