Педофилия үшін айыпталған. Студент өмір бойына сотталды

835
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заң факультетінің 2004 жылғы студентін педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Жабық сот отырысында 2004 жылы туған заң факультетінің студентіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау (ҚК 120-бабы, 4-бөлігі), сондай-ақ сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚК 121-бабы, 4-бөлігі) бойынша айыпталған. Соттың үкімімен ол кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша өмір бойына бас бостандығынан және педагогикалық қызметпен немесе кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы Семей қаласында 2022 жылдың мамырында және 2025 жылдың қаңтарында 12 және 13 жастағы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасаған.

Айыпталушы кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұраған.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Комментарии