Қарағанды облысында полиция қызметкері әріптесін абайсызда атып өлтірді

1521
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/pistolet-1-1.jpg

Қарағанды облысында Ішкі істер министрлігінің қызметкері өз әріптесін атып өлтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайдың 31 тамыз күні шамамен сағат 21:00-де Топар кентінде, арнайы күзет қызметі қызметкерлерінің қатысуымен болғанын нақтылады.

«Топар кентіндегі «ГРЭС» ЖШС нысанын күзету постында қызмет атқару барысында қайғылы жағдай болды. Арнайы күзет қызметінің басқармасы қызметкері абайсызда табельдік қарудан оқ атып, соның салдарынан оның әріптесі қаза тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір алдын ала тергеу және қызметтік тексеріс жүргізілуде. Тергеуге байланысты өзге мәліметтер жарияланбайтыны айтылды. 

Комментарии