Астанадағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ассамблея және Конституция: келісім мен тұрақтылық жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Жиынға Maqsut Narikbayev University профессорлары, заңгерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ «Ассамблея жастары» республикалық қозғалысының мүшелері қатысты. Конференцияның модераторы – Астана қалалық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Халил Маслов.
Іс-шараны ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков құттықтау сөзбен ашып, Конституцияның мемлекет іргетасы ретіндегі тарихи рөліне тоқталды:
«Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітіп қана қоймай, еліміздің даму бағытын айқындады. Бүгінде жастардың осы құндылықтарды сақтаудағы жауапкершілігін сезінуі өте маңызды», – деді ол.
Конференция барысында Астана қаласы ҚХА төрағасының орынбасарлары Халил Маслов пен Наргизам Махмудова, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті Гүлмира Пармышева, Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығының вице-президенті Әлия Сәбитова, «Re Women Astana» ұйымының өкілі Сәуле Сағади және басқа да қоғам белсенділері сөз алып, өз ойларымен бөлісті.
Спикерлердің айтуынша, Конституция – еліміздің құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуының, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің берік кепілі. Сонымен қатар қатысушылар Ата Заңның қазақстандық даму моделіндегі тарихи миссиясына ерекше тоқталды.
Сенатор Бекназаров заявил, что конституционная реформа обеспечит расширение гарантий защиты прав граждан