Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады

1995
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/tokaev.jpg

22 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Сапар Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен жүзеге асады.

Бішкекте екі ел басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.

Комментарии