Астанада 25 жастағы ер адам мас күйінде тұрғын үй ауласында газды тапаншадан бірнеше рет оқ атты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Видеода қолында қаруы бар ер адамның бірнеше рет оқ атып, тұрақтағы көліктердің біріне тигізгені көрінеді. Бұдан соң ол тапаншаны өз басына тақап, қоршаған адамдарды одан әрі шошытқан.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.
"Бұл факт бойынша 25 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Оның мас күйінде газды тапаншадан бірнеше рет оқ атқаны анықталды. Қару тәркіленді", – деді ведомство өкілдері.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір барлық материалдар сотқа жолданды.
Новости по теме