Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

861
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sGxlfzHgrh6QmM2xv4i433GNc2Y5L0m0V7tbz5bk.webp

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы әріптесін Анкориджде АҚШ президенті Дональд Трамппен өткен кездесудің қорытындыларымен құттықтады. Оның пікірінше, бұл келіссөздер Америка тарапына Украинаға қатысты Ресей ұстанымын жақсырақ түсінуге мүмкіндік беріп, күрделі мәселе бойынша ортақ шешім табуға септігін тигізеді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық аренадағы позицияларын нығайту мен өзара түсіністікті арттыру тұрғысынан маңызды шара деп санайды. Сондай-ақ ол бұл сапардың шебер ұйымдастырылғанын атап өтті, бұл қазіргі шиеленісті жағдайда үлкен саяси маңызға ие», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Өз кезегінде Путин Қазақстан басшысына Аляскадағы келіссөздердің кейбір нақты қырларын баяндады.

Сөз соңында Тоқаев энергетика саласындағы конструктивті ынтымақтастығы үшін Ресей басшысына ризашылығын білдірді.

Комментарии