Астанада Тәжікстан Республикасының Соғды облысынан әкелінген ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Көрмеге 1 мың тоннадан астам өнім қойылған. Оның ішінде жаңа піскен жеміс-жидек, көкөніс, кептірілген жемістер, жаңғақтар мен бақша дақылдары бар. Бұдан бөлек, келушілер дәстүрлі тәжік қолөнерінің бірегей бұйымдарын сатып ала алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – шағын және орта бизнестегі мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту, екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланысты нығайту.
Жәрмеңке 16–17 тамыз күндері “Барыс Арена” мұз сарайының алдындағы алаңда өтеді.
Новости по теме
Более двух тысяч студентов столичных колледжей приняли участие во флешмобе в честь завершения Года рабочих профессий
