Тоқаев Аляскада өткен АҚШ–Ресей саммитіне қатысты пікір білдірді

2706
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JoYpDkdDnGWJneJMDjaYxUawsLtEUu2E01XN7PMR.webp

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды. Бұл туралы бүгін, 16 тамызда президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды.  Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті»,—деді ол.

Еске салайық, 15 тамызда АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылау үшін Аляскада кездескен еді.

Комментарии