Әзербайжан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін

1875
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/btR7baXIhirihUM0KmubbbumD33EBrZpwSphfryR.jpg

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы бүгін, 15 тамызда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Пқпаратқа сүйенсек, мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады. Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр.

2024 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Онда президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.

Комментарии