Тікұшақ апатынан 15 күннен соң. Сорбұлақтан мәйіті табылған әскери ұшқыштар жерленді

1575
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zh89XEzqpbMLRrtZQb1Fo18eNOlhEu07mgh1vaad.jpg

Алматы облысы маңында 25 шілдеде жоғалған әскери тікұшақ экипажының екі мүшесі туған жеріне жеткізіліп, жерленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әскери тікұшақ экипажының командирі Нұржігіт Үйсінбаевпен қоштасу рәсімі Төле би ауданының Сұлтанрабат ауылында  өтті.

Марқұмның денесі Сорбұлақ маңында жоғалған соң 15 күннен кейін су астынан табылды.

Офицерді соңғы сапарға шығарып салу рәсімі марқұмның үйінің ауласында басталып, содан кейін әскери оркестр әуенімен жалғасып, ауыл шетіне жерленді. Әскери қызметкерлер командирді құрметпен шығарып салу үшін аспанға оқ атты.

Қайтыс болған ұшқыштың анасы оның бала кезден әскери ұшқыш болуды армандағанын айтты.

Нұржігіттің артында үш жастағы ұлы қалды.

Әскери тікұшақ экипажының тағы бір мүшесі Бахтияр Ержігітов жерлеу рәсімі Павлодар облысында өтті.

Қайтыс болған әскери қызметкер - авиациялық эскадрильяның борттық технигі. Бахтияр Ержігітов Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылында дүниеге келген және отбасындағы жалғыз ұл болған.

9-10 тамызда Алматы облысында Сорбұлақ көлінде құтқарушылар шамамен 14 метр тереңдіктен ЕС-145 тікұшағының бөлшектері мен екі әскери ұшқыштың денесін тапты. 

Еске сала кетсек, 25 шілдеде Алматы облысында әскери ЕС-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен. 26 шілдеде оның сынықтары Сорбұлақ көлі акваториясынан табылды. Әзірге тікұшақтың қара жәшігінің табылған-табылмағаны хабарланбады.

Комментарии