Камчаткада тағы да жер сілкінді

923
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Glb8r809hff9chV4UrdJTMLM3SLSce1ibhvjIUHy.webp

Камчаткада тағы да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шығыс жағалауда болған жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,3 баллды құраған.

Жер сілкінісі Петропавловск-Камчатский қаласынан (Ресей) оңтүстікке қарай 218 шақырым жерде және Озерновский елді мекенінен шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 78 шақырым жерде болды. Петропавловск-Камчатскийде 187 мың адам, ал Озерновскийде 2,6 мың адам тұрады.

Еске салсақ, 1952 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісінен кейін ғалымдар Камчатка түбегінің оңтүстік бөлігі шамамен 2 метрге жылжығанын анықтаған еді.

Бұған дейін, 30 шілдеде, Камчаткада магнитудасы 8,8 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелген. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметінше, бұл - аспаптық бақылау тарихындағы ең қуатты жер сілкіністерінің бірі.

Сол зілзаладан кейін Камчаткада цунами болып, Ключевская шоқысында жанартауы атқылай бастаған. Сондай-ақ, соңғы рет шамамен 500 жыл бұрын атқылаған Крашенинников жанартауы да оянған.

Комментарии