Фото: Kursiv.Media
Қазақстанда АЭС құрылысы басталар алдында тұрғындарға станция макеті көрсетілді. Презентация Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылында өтті, деп хабарлайды "Адырна".
Суретте — Ресейдің «Росатом» компаниясы салған Нововоронеж АЭС-інің №6 энергоблогы. Бұл — әлемдегі алғашқы 3+ буындағы энергоблок.
«Қазақстандағы жаңа АЭС осындай болуы мүмкін. Қазірге дизайн дайын емес, ал макет — “Росатомның” бұрынғы жобаларының бірі», — деп түсіндірді Қазақстан АЭС өкілі.
АЭС жобасының құны кемінде «14 млрд доллар» деп бағаланып отыр.
Қоғам белсенділері мен саясаттанушылар АЭС-ті Ресей салатын болса, Қазақстан оған тәуелді болып қалады деп алаңдайды. Ал билік мұны жоққа шығарады. Экологтар Балқаштың жағдайын да айтып уайымдайды.
Новости по теме
Казахстанские дети получат возможность тренироваться в футбольной Академии Испанского клуба "Атлетико Мадрид"
В Шымкенте продолжаются открытые уроки «Достижения Независимости», посвященные 30-летию Независимости страны