2025 жылдың 4–6 қарашасы аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде Еуропа раввиндерінің халықаралық конференциясы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы израильдік Jewish News Syndicate басылымына сілтеме жасап.
Мұсылман елінде алғаш рет өтетін бұл ауқымды жиынға 500-ден астам раввин қатысады деп күтілуде. Конференция Еуропадағы ортодоксальды раввиндердің басты ұйымының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Конференцияны ұйымдастырушы – Еуропа раввиндері конференциясы (Conference of European Rabbis). Бұл ұйым 1956 жылы құрылған және бүгінде 700-ден астам ортодоксальды раввинді біріктіреді. Ұйым Еуропадағы еврейлердің діни құқықтарын қорғаумен айналысады.
Шараның Әзербайжанда өткізілуі кездейсоқ емес. Ел тарихында еврейлермен қарым-қатынас әрдайым өзара құрмет пен татулыққа негізделген. Бүгінде Әзербайжанда шамамен 30 мыңға жуық еврей ұлт өкілі тұрады. Олар мұсылман халқы басым елде бейбіт және қауіпсіз өмір сүріп отыр.
Конференция президенті Пинхас Гольдшмидт елдің діни төзімділікке негізделген ұстанымын ерекше атап өтті.
«Әзербайжандағы еврей қауымының өмірі – жарқын әрі терең тарихи тамыры бар. Бұл – Вавилондық қуғын-сүргін мен Парсы империясы кезеңінен бастау алған тарих. Әзербайжан – зайырлы, толерантты және инклюзивті қоғамның жарқын үлгісі. Осы сапар барысында біз әзірбайжандық еврейлермен кездесіп, мемлекет басшылығымен ашық диалог жүргізуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.
Эффективные примеры сотрудничества НПО и государственных органов Казахстана представили на конфереции ОБСЕ в Варшаве