Көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиев пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы бүгін, 4 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көлік вице-министрін пара алу күдігі бойынша ұстады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды», – делінген хабарламада.
ҰҚК тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.
Еске салайық, 2 тамызда Көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиев парамен ұсталды деген ақпарат тараған еді.
Сәтжан Әйтенұлы 2023 жылдың 6 қазанында Қазақстан көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметінің алдында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
Новости по теме