Ирандықтар "ұсталған" АҚШ, Израиль басшыларын "тарих қоқысына" лақтырды

2133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8UgDjsOFzeIn0rXVgHUHcQek61h1l1oNpVsxeeqh.jpg

Иран Каспий теңізі жағалауында "Трамп пен Биньямин Нетаньяхуды" ұстаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Тәуелсіз Иран" телеграм басылымына сілтеп.

Иран Мазендаран және Гүлстан провинцияларында АҚШ пен Израиль басшыларына қарсы бағытталған әскери-символикалық жаттығу өткізді. Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) ұйымдастырған арнайы операция барысында арнайы жасақ сарбаздары АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға ұқсас адамдарды "ұстаған". "Ұсталғандарды" "тарих қоқыс" деген жазуы бар пикап көліктің қорабына лақтырған.

Иранда Америка мен Израиль туын өртеу, осы ел басшыларының қуыршағын өртеу сияқты акциялар билік ұйымдастырған шараларда жиі болады. Бірақ осы жолы бір елдің “президентін тұтқындау” көрінісі желі қолданушыларына қатты әсер еткені байқалады.

Көріністе екі адамға қару кезеніп, оларды әскери күшпен алып кету сәті бейнеленген.

Айта кетейік, бұл елде Америка мен Израиль туын өрттеу, сол елдердің басшыларының қуыршақ бейнесін көпшілік алдында өртеу секілді әрекеттер билік ұйымдастырған шараларда жиі кездеседі. 

Кей сарапшылар мұны Иран тарапынан АҚШ-тың жаңа санкцияларына және Трамп пен Нетаньяхуға қатысты соғыс қылмыстары үшін халықаралық жауапкершілік талаптарына жауап ретінде қарастырып отыр.

Ресми мәлімдемеде бұл қойылым Иранның "әділеттілікті талап ету және агрессияға қарсы тұру" ұстанымының көрінісі екені айтылған.

Комментарии