Баку Орынбор мен Сарысуды еске салуға дайын. ТАСС агенттігі және кеңестік миф

2188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EPPLfWoMVZmfpdB7J7DD73CqPoKuG7IQi98Ecxk1.jpg

«ТАСС мәлімдеуге өкілетті» деген тіркес әдетте кеңестік бұқаралық ақпарат құралдарында келтірілген хабарламаларға салмақтылық пен ресми сипат беру үшін қолданылатын. Және бұл тіркес үкіметтің ресми көзқарасын білдіретін. Атап айтқанда, бұл сөз тіркесі маңызды оқиғаларды, халықаралық дағдарыстарға жауаптарды немесе сыртқы саясатқа қатысты мәлімдемелерді жариялау үшін қолданылды. Ал енді біз ТАСС қызметінің осы нақты аспектілеріне неліктен назар аударғанымызды түсіндіреміз.

Сөз жай белгі емес. Әсіресе, саяси ерік және құндылық таңдауы бар географияға келетін болсақ, мәселенің салмағы ауыр тартады. Сондықтан 31 шілдеде Ресейдің ТАСС мемлекеттік агенттігінің Әзербайжанның Ханкенді қаласын «Степанакерт» деп атауы техникалық қателік емес, саяси қимыл болды. Бұл Әзербайжанда қоғам деңгейінде де, ресми ортада да табиғи наразылық толқынын тудырды.

Бұған дейін ТАСС ресми топоним – Ханкендіні соңғы бірнеше жыл бойы дұрыс пайдаланып келген. Оның үстіне 19 және 24 шілдеде ведомство қала атауы дұрыс көрсетілген материалдарды жариялады. Бірақ бір аптадан кейін кенттен шалыс қимылдап, әлдебіреудің жарияланбаған бұйрығымен – баяғыда кеңестік мифологиямен бірге мұрағатқа тапсырылған топоним «Степанакерт» атауы тақырыпқа шыға келді.

Кеңестік Ресей жаулап алған Әзербайжан территориясында жасанды түрде құрылған Таулы Қарабақ автономиялық облысының әкімшілік орталығына айналған Ханкенді қаласына Кеңес дәуірінде, 1923 жылы тамызында «Степанакерт» атауы берілді. Қаланың атауын өзгерту жай бір әрекет емес, кеңестік саясаттың манифесі болды: Баку коммунасы жетекшілерінің бірі, 1918 жылғы наурызда әзербайжандарды қырғынға ұшыратуды тікелей ұйымдастырушы ретінде танылған Степан Шаумянның есімін мәңгі қалдыру үддесінен туындады.

Әзербайжан  тарихы мұны ұмытпайды. Сондықтан 1991 жылдың қарашасында қаланың тарихи аты – «Ханкенді» атауының қайтарылуы жай декоммунизациялау әрекеті емес еді. Бұл әділдік пен тарихи шындықты қалпына келтіруге жасалған қадам болды. Ал 2023 жылдың 15 қазанында президент Ильхам Әлиевтің қаланың бас алаңында Әзербайжан туын көтеруі ақыры қаланы бақылауды ғана емес, сонымен бірге толық егемендікті паш етті.

Тікелей мемлекеттік бақылаудағы ресейлік мекеме «Степанакерт» топониміне қайта оралу туралы шешім қабылдағанда, бұл қателік ретінде қабылданбайды. Бұл – кәдімгідей сигнал. Және оның астары айдан анық: Ресей тарапы бір сәттік саяси жағдай үшін бұрынғы режимдердің риторикасын қайта жаңғыртуға дайын дегенді білдіреді. 

Олай болса, онда Әзірбайжанның да Ресейде үнсіз қалуды жөн көретін тарихи топонимдер жеткілікті екенін еске салуға құқығы бар.

Сіз Калининградтан бастай аласыз. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО-ға қосылған Балтық жағалауындағы неміс қаласы 1946 жылға дейін Кенигсберг деп аталды. Неміс, поляк, кеңірек айтқанда, Еуропа және әлем тарихына қала осы атауымен енді.

Ресейдің «Оренбург» деп жүргені – Орынбор, Еуропа мен Азияның түйіскен жеріндегі маңызды сауда нүктесі, орыс отарлаушылары келгенге дейін түркі атауын алған қала.

Волгоград, бұрынғы Царицын, одан кейін Сталинград – одан бұрын түркі тілінде «сары су» дегенді білдіретін Сарысу бар.

Грозный – Солжа-Қала, Шешенстан аумағындағы тарихи бекініс.

Новороссийск - Суджук-Қале.

Оңтүстік Сахалинск - Тойохара. Оңтүстік Куриль - Фурукамаппу.

Петрозаводск - Петроской. Ижевск - Ижкар. «Волга» өзені – Еділ.

Бұл атаулардың бәрі ойдан шығарылған емес. Және бұл қастандық теориясы немесе арандатушылық та емес. Бұл – тек шетелдік қана емес, ресейлік дереккөздерде да таңбаланған тарихи шындық. Ал қажет болған жағдайда Әзербайжанның өзінің егемендігі, аумақтық тұтастығы және тарихын құрметтемегендерге жауап ретінде осы тарихи дұрыс атауларды қолдануға толықтай мүмкіндігі бар.

Әрине, Әзірбайжан саясатта да, картографияда ревизионист ел емес. Бірақ біреу азат етілген қаланың қайтарылған атын мойындаудан бас тартып, құрмет шекарасына шек келтірсе, Баку үнсіз отыра алмайды.

Бұл оқиға тек топонимдермен ғана шектелмейді. Мұның астары тереңде жатыр. Сөз алаңдатарлық тенденция туралы болып отырғанын ескерейік. 

Мәселе құрмет пен біржақты саяси жады арасындағы шекара туралы болып отыр. Бір тарап кешегі сепаратистік терминдерді қолдануды мүмкін деп тапса, екінші тараптың да тілдің қарым-қатынас құралы ғана емес, құндылықтар айнасы екенін ұмытқандардың есіне түсіруге моральдық құқығы бар.

Әзербайжан мәселені ушықтыруға ұмтылмайды. Бірақ ол қарсы реакция білдіруге дайын. 

P.S. Материал жариялауға дайындалғаннан кейін ТАСС сайтындағы тақырып өзгертілді – «Степанакерт» сөзінің орнына «Таулы Қарабақ» атауы пайда болды. Дегенмен, бұл тұжырым ешқандай сынға төтеп бере алмайды. «Таулы Қарабақ» термині әлдеқашан өзектілігін жоғалтқан: Әзербайжанда осылай аталатын аумақ жоқ. Әзербайжан Республикасының егемендігі аясында толығымен қалпына келтірілген Қарабақ экономикалық ауданы бар. Бір бұрмаланған атауды екіншісімен ауыстыру кейбір ресейлік құрылымдардың соғыстан кейінгі кезеңнің шындығын мойындауға және Әзербайжанның аумақтық тұтастығын құрметтеуге дайын еместігін көрсетеді.

Самир Велиев

Caliber.Az

Комментарии