Адам өлтіруге оқталу. Мойынқұмдағы атыс туралы не белгілі?

1241
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dVwDxQjmCTqzYyDEbTw5ImrQyxRtvFm587AYCHDn.jpg

Мойынқұм ауылында атыс болып, төрт адам ауыр жарақат алған. Дәрігерлер мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аурухананың қабылдау бөліміне түрлі жарақат алған төрт адам жеткізілген.

"28 жастағы науқастың басы, кеуде қуысы және оң білегінде резеңке оқтан жарақат бар. Сонымен қатар оң және сол жамбасында бірнеше тесілген жара байқалған. Науқас көп қан жоғалтып, 2-дәрежелі травматикалық шок алған. Қазіргі жағдайы ауыр", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға түскен тағы бір – 26 жастағы ер адам да ауыр халде. Оның сол жақ білегі, жамбасы және оң қолы жараланған. Қазіргі кезде жағдайы тұрақсыз.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша (адам өлтіруге оқталу) қылмыстық іс қозғалған.

"Жарақаттар травматикалық қарудан келген. Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтау және ұстау бағытында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, БАҚ беттерінде таралған ақпаратқа сәйкес, оқиға 30 шілде күні кешкі сағат 21:10 шамасында болған.

Комментарии