«Жақсы жаңалыққа жан сүйсінеді». Ардагер ұстаз министрге алғысын айтты

2691
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FEnpyX7pb58ALPLK7aG6QrmkTzdHKu5uIELNcHBX.jpg

45 жылдан астам уақытын бала тәрбиесі мен білімге арнаған астаналық ардагер ұстаз  Кунымбала Изтолеуовна жаңа оқу жылы қарсаңында жүрекжарды жазба жариялап, Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлына алғысын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" порталы  Democrat.kz сайтына сілтеп. 

Ардагер ұстаз өз сөзінде еліміздегі білім саласындағы жағымды өзгерістерге риза екенін айтып, әсіресе, Президенттің тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептер» жобасы, ұстаздарға жасалған қолдау, балабақша тәрбиешілерінің жалақысының өсуі - білім саласындағы жетістіктердің көрсеткіші деп бағалады.

 “Мен 45 жылдан астам уақыт ұстаз, Әдістемелік кабинеттің әдіскері, мектеп басшысы болып қызмет атқардым. Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде 2025-2026 жаңа оқу жылының алдында өзімнің ой-пікірімді бөліскім келеді. Көптеген жақсы өзгерістерді естіп-біліп, қуанып отырамын.

         Біріншіден, Президенттің тапсырмасы негізінде ашылған «Келешек мектептер» жобасын Ардагерлер кеңесінің мүшелері көзімен көріп, риза болды. «Келешек мектептер» құрылымында балаларға жақсы жағдай жасалып, білім сапасы мен тәрбие жұмысы ерекше жанданатыны сөзсіз. Ұстаздар қауымы балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алса,  одан артық не керек?!

          Екіншіден,  білім саласында көптеген реформалық өзгерістер болды, Президенттің қолдауымен Мектепке дейінгі білім беру мекемелері, балабақша тәрбиешілерінің қосымша жалақысы өсті. «Педагог мәртебесі» заңы аясында біршама жұмыс атқарылып, іске асып жатқанын халық көріп, оң бағасын беріп келеді. Қаншама ұстазды қолдап, бұрын марапат жетпейтін түкпірде орналасқан мектеп педагогтерінің шынайы еңбегін бағаладыңыз. Мұның бәрі Сіздің ұстазға деген шынайы көңіліңіз, зор құрметіңіз деп білеміз!” деген ардагер ұстаз оқушыларымыздың Халықаралық олимпиадаға қатысып, жеңіспен оралуы - мұғалімдердің ерен еңбегінің арқасы екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ Кунумбала Изтолеуовна өз жазбасында оқушылардың министрге хат жазып, олардың заманауи түрде өз ойлары мен пікірлерін ашық, еркін жеткізгені - аса маңызды сәттердің бірі екенін атап өтті. 

“Хат арқылы жас ұрпақтың ой-арманы, алға қойған мақсаттары, өзіндік көзқарасы, ұсыныстары айқын көрінді.

           Мектеп басшыларымен де бірнеше рет кездесу өткіздіңіз, осы салада, басқару істерінде көшбасшылық тәжірибесі бар  қайраткер, ардагер ұстаздар А. Бимендина, Ж. Қасымбектің  жас басшылармен кездесуі білімді жас мамандарға қолдау, сүйемелдеу ретінде септігін тигізді әрі тәлімгерлік жүйенің заманауи даму сатысын көрсетті.

         Ал ата-аналармен кездесудің жөні бөлек, әсері айрықша. Әр баланың тыныс-тіршілігі, көңіл күйі отбасындағы ахуалға байланысты, сол себепті мектептерде ата-аналардың қолдауынсыз ол жұмыстың нәтижесі болмайды. Барлық мәселе отбасындағы тәрбие мен мектеп тәлімінің бірлескен ынтымақтастығында деп білеміз.

Астаналық ардагер, қайраткер ұстаздар қауымы атынан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің атқарған жұмыстары мен жобалары жалғасын табады деп сенеміз!”, деп жазды Кунумбала Изтолеуовна.

Комментарии