Жақында «Уақытпен үндес үн: азаматтық қоғам және ұлттық құндылықтар» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысының XII өңірлік Азаматтық форумы өтті.
Азаматтық бастамаларды қолдау мен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруды көздеген форум өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, ұлттық бірлік пен әділеттілікті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара серіктестікті жан-жақты дамыту болды.
Форумға өңірдегі үкіметтік емес ұйым жетекшілері, Ұлттық құрылтай мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, саяси партиялар, сарапшылар, ғылыми қауымдастық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мәслихат депутаттары және белсенді азаматтар қатысты.
Іс-шара аясында:
Ұлттық бірегейлік пен әділеттілікті нығайтудағы азаматтық қоғамның рөліне арналған пленарлық отырыс;
«Үздік ҮЕҰ» атағына ұсынылған 13 жобаны қамтыған көрме;
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен ҮЕҰ-ға қатысты заңнамаларды жетілдіруге арналған диалог алаңы;
Мастер-класстар мен оқыту бағдарламалары өтті.
Форумда ұлттық құндылықтарды насихаттау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және түрлі қоғамдық топтар арасындағы тиімді серіктестікті қалыптастыру жолдары кеңінен талқыланды.
Прослеживается «школа дипломатии Токаева»: Эксперт о Съезде лидеров мировых и традиционных религий в Астане