Белгілі ақын Қазыбек Иса әлеуметтік желідегі парақшасында Исраил Сапарбайдың қазасы туралы жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Биылғы жыл ауыр жыл болды. Басқаларын айтпағанда, өзіміз араласып, бірге жүрген, ағалық қамқорлықтарын сезген қазақ әдебиетінің классиктері Дулат Исабеков, Темірхан Медетбек, Исраил Сапарбай үшеуі де келмес сапарға аттанып кетті… Әр жылдары туған ағаларымыз келісіп алғандай, араларына екі-үш ай салып, бір жылда кетіп отыр…
"ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы Ерлан Қошанов та Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне байланысты “Ақын ағамыз сөз өнерін биікке көтерген қарымды қаламгер, дарынды драматург, қалың қазаққа кең танымал тұлға болатын. Оның сыршыл өлеңдері, жүректен шыққан, бірнеше буын оқырманның жүрегіне жол тапқан жырлары қазақ поэзиясының рухани қазынасына, драмалық туындылары сахна сәніне айналды,-деп, ақын шығармашылығын жоғары бағалап, көңіл айту жеделхатын жолдады. Ақынның қазақ поэзиясының асыл қазынасына қосылған"Аққу арман", "Бармақтай бақ", "Махаббат пен Ғадауат" секілді көптеген жыр кітаптары оқырманға жақсы белгілі.