Changan Ресейдегі өндірісінен бас тартып, Қазақстанда көлік құрастырмақ

1923
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7ppQWdrfVFd6wV38b6hFSpu4GwVEzEbVi5251Uzx.webp

Қытайлық Changan автоконцерні Ресейдегі өндірісінен ресми түрде бас тартып, енді өз көліктерін Қазақстанда құрастыратыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Бұл туралы «Қытайлық автомобильдер» Telegram-арнасы хабарлады.

Компания Қазақстанда орналасқан көпбрендті AMMKZ зауытында көлік шығара бастайды. Зауыттың алғашқы өнімдері 2024 жылдың тамызында конвейерден шығады деп жоспарланған. Changan бірнеше моделін бірден шығару ниетінде екенін мәлімдеді, алайда нақты модельдер әлі жарияланған жоқ.

Ресей нарығына жеткізілетін алғашқы модель – Changan CS55 Plus кроссовері болмақ. Бұл көліктің ресейлік нарықтағы сатылымы биылғы күздің соңына жоспарланған. Қазақстан құрастыратын машиналар Ресейге утилизациялық алым төленіп апарылады.

Changan бастапқыда Қазақстанда 9 модельді шағын түйіндік әдіспен (мелкоузловая сборка), дәнекерлеу және бояумен бірге шығарады. Кейін модельдер саны 12-ге дейін артуы мүмкін. Зауыт жылына 90 000 көлік құрастыруға қауқарлы екені айтылды.

Екатеринбургте өткен «Иннопром» халықаралық көрмесінде Changan компаниясы қуаты 430 ат күшін құрайтын жаңа жол талғамайтын көлігін таныстырды. 

Комментарии