119 мың теңгеден - 388 мың теңгеге дейін. Қырғызстанда жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынады

1929
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Zj85pb4kKdMzXyBesBTtkIBnu4Ij8Kr7yJvXgAhi.jpg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұқаралық ақпарат құралдары мен интернетте жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салуды көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Президент Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының Құқықбұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды»,– делінген хабарламада.

Заңнамаға енгізілген өзгерістер БАҚ пен интернетте жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл салуды қарастырады. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға сот шешімімен 20 мың қырғыз сомы (шамамен 119 мың теңге — ред.), ал заңды тұлғаларға – 65 мың сом (шамамен 388 мың теңге — ред.) көлемінде айыппұл салынады.

«Заңның мақсаты – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың шынайы, объективті ақпарат алуға деген құқықтарын қорғау»,—делінген ресми хабарламада.

Комментарии