Астана күніне орай Байқоңыр ауданында жаңа аула аумағы ашылды

2788
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TAhvIXwcbEvmVU45SsD3tESNeAxGEwYInfqQTuag.jpg

6 шілде – Елордамыздың төл мерекесі Астана күніне орай Байқоңыр ауданында жаңадан кешенді түрде абаттандырылған ауланың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – қала халқының игілігіне бағытталған игі істердің бір парасы ғана емес, тұрғындардың өмір сапасын арттыру жолындағы нақты қадам.

Іс-шараға Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Зулфухар Сұлтанұлы, Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді және өзге де қоғам белсенділері мен лауазымды тұлғалар қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімі аула мерекесіне ұласып, бүлдіршіндер мен тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар үшін түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, көпшілік қауым шаттыққа бөленді.

Аула – жай ғана аумақ емес, ол – көршімен көрісетін, бала күлкісі естілетін, ұрпақ ойнай жүріп тәрбиеленетін өмір алаңы. Оған деген жанашырлық – қоғамға деген жауапкершіліктің көрінісі.

Астана – тек биік ғимараттар мен сәулетті көшелерден тұрмайды. Ол – әрбір ауланың тазалығында, әрбір баланың қуанышында, әрбір тұрғынның әл-ауқатында.

Осы бір шағын бастама – үлкен қоғамның діңгегіне айналатын ортақ рух пен ортақ мүдденің жарқын дәлелі. Елорданың жарқын болашағы осындай игі істерден өріледі.

Комментарии