Алаяқтарға алданған Кәкен Қамзин ресми түрде жәбірленуші ретінде танылды

1199
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uVweaGWzK0RQ5w5b1VWGiio3XdEULjcK5HB1nwSv.jpg

Алаяқтарға алданған профессор Кәкен Қамзин ресми түрде жәбірленуші ретінде тіркелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Нұрболат Адырбек желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке хабарласқан. Ол профессордың арызы бойынша Әуезов аудандық Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің алаяқтық бабымен іс қозғап, Кәкен ағайды ресми түрде жәбірленуші ретінде тіркегенін айтты.

Салтанат Әзірбек сондай-ақ, қазіргі сәтте тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілгенін, ұстазымыздың тыныштығын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ, Әуезов аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полковник Арман Тоқсейітов те хабарласып, тергеу амалдары басталғанын, істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне енгізілгенін растаған.

Оның айтуынша, тергеу аяқталып, сот нақты шешім шығарғанға дейін Кәкен Қамзиннің пәтеріне бұғат (арест) қойылады. Яғни, пәтерді сатып алғандар да, басқа адамдар да ұстазды мазалай алмайды. Полковник Тоқсейітов осыған толық кепілдік берді.

Комментарии