Заңсыз шетелге шығарылған қаражат есебінен спорт мектебі салынды

1035
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qpJRI0Bbq0pe3ghkPsYjXC4oFGgIm7P3ABqHRcGE.jpg

Бүгін Зеренді ауылында заңсыз шетелге шығарылған активтерді қайтару бойынша Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен жаңа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Бұл — елімізде қайтарылған активтер есебінен салынған алғашқы әлеуметтік нысан.

–Құны 2,1 млрд теңгені құрайтын жобаның жүзеге асуы – Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасының нәтижесі, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Мектептің ашылу салтанатына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және ауыл тұрғындары қатысты.


Спорт мектебі рекордтық қысқа мерзімде – алты айда салынып бітті. Спорт кешенінің жалпы аумағы 6 мың шаршы метрден асады, бір ауысымда 90-ға жуық баланы қабылдай алады.

Аталған нысанның пайдалануға берілуі өңір халқының дене шынықтыру және спортпен айналысу мүмкіндігін едәуір арттырмақ.

Комментарии