Ресей Украина дрондарының Қазақстан арқылы ұшып өткенін мәлімдеді

1553
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tfPTFMr1Z3fcoc10w22udCkZRZ1lZf4PcZrbfAKQ.webp

Украина Қарулы күштерінің ондаған дроны Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы ұшып өтіп, Ресейге соққы жасау мақсатында пайдаланылған болуы мүмкін. Бұл туралы Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«19 және 20 маусым күндері Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы аумағы арқылы Украина Қарулы күштерінің бірнеше ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшып өткені тіркелді. Бұл дрондар, шамасы, Ресейге соққы жасау мақсатында қолданылған болуы мүмкін. Біз одақтасымыз және ҰҚШҰ мүшесіне қарсы жасалған мұндай әрекеттерді қатаң айыптаймыз», - деді ол.

Сондай-ақ Захарова халықаралық ұйымдарды осындай «арандатушылықтарға» назар аударуға шақырды. 

Еске салайық, 19 маусымда Маңғыстау облысынан белгісіз ұшқыш аппарат табылған еді. Сондай-ақ бұған дейін Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше елді мекендерге дрон құлаған болатын. Маусым айының басында Қорғаныс министрлігі БҚО-ға құлаған дрондар Ресейге тиесілі екенін, оларды жалға алынған полигонда сынақ кезінде ұшырғанын мәлімдеді.

Комментарии