Трамп: Иран аспанын толық бақылауға алдық

1157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/tramp.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран үстіндегі әуе кеңістігін америкалық әскерилер толық бақылауға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Біз енді Иранның үстіндегі аспанды толық және түгелдей бақылауда ұстап отырмыз», – деп жазды Трамп.

Оның айтуынша, Иранда қуатты әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері болғанымен, олар АҚШ технологиясымен салыстырғанда әлсіз.

«Иранда жақсы бақылау жүйелері мен түрлі қорғаныс құралдары бар еді, тіпті көп те болатын. Бірақ олардың ешбірі америкалық “технологиялық ойыншықтармен” салыстыруға келмейді. Бұл істі бізден артық ешкім істей алмайды», – деп толықтырды АҚШ президенті.

Сонымен қатар, Трамп Иранның рухани көсемі Али Хаменеи жайлы да жазба жариялады. Онда ол Хаменеи орналасқан орынды нақты білетінін айтып, оны “жеңіл нысана” деп атады.

«Біз әлгі “рухани көсем” жасырынған жерді нақты білеміз. Ол – жеңіл нысана. Бірақ дәл қазір біз оны ұстамаймыз (өлтірмейміз!)», – деді Трамп.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ABC News телеарнасына берген сұхбатында Хаменеиге қастандық жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.

Ал өзінің үшінші жазбасында Трамп қысқа әрі нақты түрде:

«Мүлтіксіз тізе бүгу», – деп жазды.

Комментарии