"Селфи жасамақ болған": Павлодарлық қыз вагон үстіне шығамын деп тоққа түсті

3605
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда 18 жастағы қыз жолаушылар пойызының төбесінде селфи жасамақ болып, күйіп қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"18 жастағы қыз денесінің оң жақ бөлігін термиялық күйік шалып, травматикалық шокпен ауруханаға түсті. Белгілі болғандай, ол селфи жасағысы келіп, вагон үстіне шығып кеткен", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Бойжеткен Жолқұдық вокзалының маңында электр энергиясынан жарақат алған. Дәрігерлер оған оң жақ төменгі аяқ-қолын термиялық күйік, денесінің оң жақ жартысы, оң жақ жоғарғы жағы III-IV дәрежелі яғни 50%  күйік диагнозын қойды. Одан бөлек бас терісінің жартысы жараланған, II-III дәрежелі травматикалық шок алған.

Қазір зардап шеккен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии