Қашықтан оқыту және жаңа тыйымдар: Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді

383

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда қатаң карантиндік шектеулер енгізілуде. Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бейсенова қалада аса жұқпалы омикрон штаммының таралуы қатаң шектеу және карантиндік шараларды енгізу қажет екенін айтты.

«Бүгіннен бастап мен қол қойған жарлыққа сәйкес, Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес «қызыл» аймақ бойынша шектеулерден басқа, елордада:

  • ашық ауада да, үй-жайда да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде 30 адамға дейін (Ashyq жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда) өткізуге;
  • Ashyq жобасына қатысуына қарамастан, концерттік залдардың, филармониялардың, театрлардың, цирктердің, кинотеатрлардың қызметіне тыйым салынады;
  • мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни бірлестіктердің объектілері мен аумағында ұжымдық іс-шараларды, жамағатты, діни рәсімдерді жұма намаздарды және басқаларды өткізуге;
  • конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;
  • түнгі клубтардың қызметі, караоке, қоғамдық тамақтану орындарындағы қызмет көрсетуге тыйым салынады», - деді Бейсенова брифингте. Ол сонымен қатар тамақтану орындарына келушілер санын азайтуды шешті - енді бір үстелге 4 адамға дейін отыра алады.

«Білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарының жұмысын онлайн форматқа көшіру.

2022 жылғы 31 қаңтарға дейін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80 пайызын, қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға қарамастан, қашықтан жұмысқа ауыстыру, мектеп оқушыларын, Қазақстан Республикасының колледждері мен ЖОО студенттерін де, барлық курстар – 2022 жылдың 6 ақпанына дейін қашықтан оқыту форматына көшіріледі», - деп шешті Сархат Бейсенова.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket