Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Жаңаөзен қаласының тұрғыны қаза тапты

4619
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ислам Төребек қайтыс болды. Ол Алматы энергетика және байланыс университетінің 5-курс студенті, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қайтыс болған жас жігіттің анасы Құралай Балхаева қайғылы оқиға 6 қаңтарда орын алғанын мәлімдеді.

– Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ислам үйінен шықпады. Ал 6 қаңтар күні интернет жоқ болды, ол атыс орын алып жатқанынан бейхабар еді. Сол күні азық-түлік алуға далаға шыққан. Оқ жауып, қайтыс болады, – дейді Құралай Балхаева.

Ислам Төребек №19 мектепті бітірген соң Алматы энергетика және байланыс университетіне оқуға түсті. Биыл ол кандидаттық диссертациясына дайындалған. Ол 2022 жылдың наурыз айында 22 жасқа толар еді.

Анасының айтуынша, марқұм Ислам Төребектің денесі 11 қаңтарда Алматыдан Маңғыстауға жеткізілуі керек. Жерлеу 12 қаңтарда Жаңаөзен қаласында өтеді.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер