Алматыда дарынды балалар мен жастарға арналған «DARAFEST–2018» фестивалі өтеді

3844
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/03/hqdefault-2.jpg
14 сәуір «Көркем Ой» Академиясының ұйымдастыруымен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде дарынды балалар мен  жастарға арналған «DARA FEST –2018» фестивалі өтеді. Байқаудың мақсаты – дарынды балалар мен жалынды жастардың басын қосып, өнерлерін сынға салу, қабілеттерін шыңдау. Фестиваль номинациялары: эстрадалық вокал, театр, көркем сөз оқу, қысқа метражды фильм, хореография, дизайнер, аспаптар. Байқауға 4 жастан 25 жасқа дейінгі өнерпаздар қатыса алады. Фестиваль жеңімпазы «Қазақстан» ҰТА «Таңшолпан» бағдарламасына қонаққа шақырылады. Үміткерлерді тіркеу сәуір айының 8 жұлдызына дейін жүргізіледі. Қатысушылар байқау жұмыстарын CD таспа немесе флешкаға жазып өткізе алады. Сондай-ақ dara-fest2017@mail.ru почтасына жіберулеріне болады. Қатысушылардың байқау кезінде көрсеткен өнерлеріне қарай әділ баға беріледі. Әділ-қазылар шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

Мөлдір БЕКЖАН

 
Комментарии