Ертең үкіметтің жаңа құрамы белгілі болады - Тоқаев

5392
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/imgonline-com-ua-black-white-crlrzlvxw8povn.jpg
Ертең, 11 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныс енгізеді. Бұл туралы ол ҰҚШҰ лидерлерінің онлайн саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
- Ертең парламентке үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныстар енгіземін, -  деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, елдегі бүліктен кейін 5 қаңтарда Тоқаев өз жарлығымен үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министр міндетін Әлихан Смайылов атқарып жүр.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии