«Шетелдік жетекшілік еткен»: Алматыда 2 экстремистік топ құрықталды

10703

Алматыда екі экстремистік топтың көзі жойылды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2022 жылдың 4 мен 8 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатынасқан 2 экстремистік топ құрықталды.
9-қаңтарда, экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сондай-ақ жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталды.
Тұрғылықты мекендерін тексеру барысында атылатын қару, дыбыс-жарық гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленді»,– делінген хабарламада.

Ұйым жетекшісі халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде атсалысқан шетел азаматы болып табылады.

Тергеу тұжырымы бойынша, ол Қазақстанға жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сондай-ақ билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келгендігі анықталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket