2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы қайталанбауы қажет - Депутат

433

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл елдегі жаппай наразылық кезінде адам шығынына жол бермеу керек екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Журналистер мәжіліс кулуарында депутат Бақытбек Смағұлдан елде 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиға қайталанбай ма деп сұрады.

"Ол қайталануға тиісті емес. Жаңаөзен оқиғасы бізге үлкен сабақ болуға тиіс. Оның бір рет болғаны жеткілікті емес пе. Адам өмірінен маңызды не бар. Соған әкелмеу керек, арандатушыларға ермеу керек. Қарапайым халыққа заң жүзіндегі талабын жалғастыруға ешкім де шек қоя алмайды. Алайда соны пайдаланып, қоқан-лоққы көрсетуге болмайды, тіпті ол әскери адам болсын. Қарапайым халық өзге жат жердегі адамдарға сеніп, алаңды пайдаланып шыға салып, оған ермеуі керек", - деді мәжілісмен.

Ал басбұзарлыққа бұрып жатса, онда тәртіпке шақыруға тиіспіз. Өйткені қоғамда басқа да адамдар бар. Олардың барлығына біздің тұрақтылығымыз ауадай қажет. Тұрақтылық бәріне де керек, деп жалғастырды Смағұл.

БАҚ өкілдері Смағұлдан "халық мәжіліс кетсін деген талап қойса, кетуге дайынсыз ба" деп сұрады.

"Мен әрқашан да "құп болады" деймін. Мен бұларға байланып қалған адам емеспін. Осы жерде қоғамға кішкентай да болса пайдамыз тисін деген оймен жүрміз", - деді депутат.

Бақытбек Смағұл депутаттар әрқашан халықпен бірге екенін мәлімдеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket