Халықтың орынды талабы орындалуы тиіс - Қазыбек Иса

400

Жаңаөзенде тағы да ел ереуілге шықты. Себеп - сұйытылған газдың қымбаттауы.

Мұнай мен газдың үстінде отырып газды қымбаттату деген қандай ұғымға сияды?
Әлде бұл тағы да, қарапайым халықтың шыдамын сынау ма?!.

Бұндай келеңсіздікке ҚР Президенті Қ.Тоқаев дер кезінде үн қатты.
“Үкіметке Жакаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым.
Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс.
Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқы бар. Бірақ бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес атқарылуы тиіс” -деп мәлімдеді.

Мұнай мен газ өндіріп жатып, газға жарымау деген олигархтары үкіметтен күшті біздің елде ғана болатын жағдай шығар…

Елдің жағдайы жақсаруы үшін, халықтың орынды талабы орындалуы тиіс!

Қазыбек ИСА,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket